Құрметті әріптестер!  

          Қазіргі уақытта елімізде төтенше жағдай (ТЖ) режимі жарияланып, терроризмге қарсы іс-шаралар жалғасуда. Полиция, Ұлттық ұлан және армия күштерімен Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес құқықтық тәртіпті орнату бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

          Өз тарапымнан, қалыптасқан күрделі жағдайды түсінгені үшін «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС Отын-энергетикалық кешенінің ұжымдары мен персоналына алғысымды білдіргім келеді. Аталмыш уақытта Сіздер Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Абай қалаларының, Топар, Молодежный кенттерінің және басқа да елді мекендерінің өндірістік объектілері мен тұрғын үй-коммуналдық кешенінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың сенімді және үздіксіз жұмысынан көрініс тапқан азаматтық батылдық пен саналы ұстанымдарыңызды көрсеттіңіздер.

          ТЖ кезінде ОЭК көмір разрездері Топар к. БЭТС, Жезқазған ЖЭО, Балқаш ЖЭО электр станцияларына және кенттік қазандықтарға үздіксіз көмір өндіруді және жеткізуді жалғастыруда, бұл біздің үйлерімізді қысқы максимум жүктемелерінде жылумен, жарықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Стратегиялық объектілер бола отырып, ОЭК кәсіпорындары жоспарлы көрсеткіштерге сәйкес штаттық режимде жұмыс істеді және жұмысын жалғастыруда. Негізгі және қосалқы жабдықтардың жұмысы бойынша ескертулер мен бұзушылықтарға жол берілген жоқ.

          Соңғы апта ішінде 100 мың тоннадан астам көмір жеткізілді, 96 млн. кВтсағ астам электр энергиясы өндірілді және тұтынушыларға жеткізілді, жылу желілерінің температуралық кестесі жылу тұтыну нормаларына сәйкес келді.

          Біздің нысандарымыздың тәулік бойы күзеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «МКҚБ» ММ полицейлеріне жеке алғысымды білдіргім келеді.

          Қазіргі таңда интернет желісінің, байланыс құралдарының жұмысында, еркін жүріп-тұруда шектеулер бар, бірақ бұл қиындықтарды уақытша деп санаймын және Отын-энергетикалық кешеннің барлық жұмыскерлерінен сақтықты және қырағылықты сақтауды, өздерінің функционалдық міндеттерін толық көлемде орындауды қамтамасыз етуді, сол арқылы елдің әлеуметтік-саяси өмірін тұрақтандыруға өз үлесін қосуды, арандатушылыққа бой алдырмауды және әрбір отбасында Қазақстанның және әлемнің дамуы игілігіне азаматтық ұстаным танытуды сұраймын.

          «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС Директорлар кеңесінің Төрағасы Э.В. Огайдың тапсырмасына сәйкес, ОЭК барлық персоналының жалақысын көтеру мәселесі қарастырылуда, бұл туралы ағымдағы жылдың 25-26 қаңтарына қосымша хабарланатын болады.

          Баршаңызға тыныштық, денсаулық және бейбіт аспан тілеймін. Біздің күшіміз бірлікте!


Отын-энергетикалық кешенін

басқару бойынша директор

В. Джуманбаев