Техникалық шарттар беру
Тұтынушылардың электр қондырғыларын "Жез.ТЭК" АҚ желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар "Электр энергиясын пайдалану ережелері" негізінде келесі жағдайларда беріледі:
-
энергия беруші ұйымның желілеріне жаңадан енгізілетін электр қондырғыларын қосу;
-
объектінңі тұтынатын шартты электр қуатын ұлғайту;
-
сыртқы электрмен жабдықтау схемасының өзгеруі;
электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша желіні пайдаланушылар санатының өзгеруі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану ережелерінің талаптарына сәйкес техникалық шарттарды беруге арналған өтініште көрсетілуі қажет:
-
Объектінің толық атауы, оның мекенжайы, орналасқан жері;
-
Мәлімделген қуаты киловатт (МВт), кернеу;
-
Электрмен жабдықтаудың сенімділік санаты (1,2,3).
-
Электр энергиясын тұтыну сипаты (тұрақты, уақытша, маусымдық));
Сонымен қатар келесі құжаттар қоса беріледі:
-
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі;
-
Толық ситуациялық жоспар;
-
Дербес немесе сарапшы ұйымды тарта отырып орындалған мәлімделген электр қуатының есептеу-негіздемесі (яғни тиісті құжаттардан үзінді немесе олардың қуатын көрсете отырып, барлық электр тұтынушылардың тізбесі);
-
Электрмен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;
-
Электр қондырғыларының есептік қуаты 5 МВт және одан жоғары тұтынушылар өтінімге жобалық қызметпен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымы әзірлеген тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса береді. Тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемасы электр желілеріне қосу жоспарланып отырған энергия беруші ұйыммен келісіледі.
"Жез.ТЭК» АҚ тораптарына қосылу
Электрмен жабдықтауға қосылу және шарт жасасу техникалық шарттар орындалғаннан кейін жүзеге асырылады. "Жез.ТЭК" АҚ құжаттар қоса беріледі:
-
Техникалық шарттарды орындау актісі;
-
Теңгерімдік тиесілілікті шектеу актілері;
-
Энергия шаруашылығына жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрық;
-
Пломбаның бедері жазылған электр есептегішті орнату және пломбалау актісі;
-
Метрологиялық құжаттар: өлшеу құралдарының паспорттары (ток, кернеу трансформаторлары, электр есептегіштер);
-
Энергиямен жабдықтаушы (энергия өндіруші) ұйымның көрсетілген қосылу нүктесінде электр энергиясын жеткізуге дайындығын растайтын хабарлама (электр энергиясын үшінші тараптардың желілері арқылы беруді жүзеге асырған кезде-қызметтің осы түріне арналған шарт);
-
Меншік немесе объектіні жалға алу құқығына құқық белгілейтін құжаттар.
Құжатты жүктеу желіге қосу және ТШ беру